Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондықты ақша арқылы сақтап қалмақшы: "Астана" "Ақжайық" командасының жеңісі үшін қомақты қаржы төлемек

Қазақстан премьер лигасының соңғы айналымында "Астана" өз алаңында "Тобылмен" ойнайтын "Ақжайық" командасына қаржылай ындаландырмақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астана-Тобол

"Астана" оралдық "Ақжайық" командасына "Тобылды" жеңсе 200 мың доллар, егер тең түссе 100 мың доллар беретінін мәлімдеген.
Сонымен қатар "Астана" футбол клубы "Тұранды" жеңуі керек. Әрі "Қайрат" командасымен кездесу кезінде алаңды тастап кеткені үшін ойыннан шеттетілген жаттықтырушысы Андрей Тихонов пен көшбасшысы Тигран Барсегянсыз ойын өткізеді. 

“Астана” клубының жаттықтырушысы 2 жылға, ал Тигран Барсегян 1 айға ойыннан шеттетілді.

Айта кету керек, Қазақстан чемпионатында "Тобыл" "Астанадан" 1 ұпаймен ғана алда тұр.

Егер "Астана" өз алаңында "Тұранды" жеңсе, ал "Ақжайық" пен "Тобыл" тең түссе, чемпионат көшбасшыларының есебі теңеспек. Мұндай жағдайда "Тобыл" мен "Астана" қосымша, "Алтын ойын" өткізуі қажет болады. 

"Тобыл" оралдық клубтан жеңіліс тапса, "Астана" жалпы есепте 1 ұпайға озып, чемпион атанады. 
 

Талқылау