Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасының финалы: Сарапшылар болжамы

29 мамырда футболдан Еуропаның ең беделді турнирі - Чемпиондар лигасының финалы өтеді. 32 команданың ішінен сұрыпталып, финалға дейін жеткен ағылшынның қос ұжымы Португалия жерінде кездеседі.

"Драгау" стадионында "Манчестер Сити" мен "Челси" күш сынасады. Сарапшылар мен букмекерлер "Манчестер Ситиді" фаворит санайды. Хосеп Гвардиоланың командасы биыл табысты маусым өткізді.

"Ман Сити": алғашқы финал

"Манчестер Сити" тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, шешуші матчқа шыққан Англияның 9-шы командасы атанды.

Неге "Манчестер Сити" жеңіске жетеді?

Букмекерлік кеңселер "Манчестер Ситиді" финалдық матчтың фавориті деп санайды. Гвардиола командасының жеңісі (қосымша уақыт пен пенальти серияларын ескере отырып) 1,45 коэффициентімен бағалануда, яғни команданың жеңіске жетуі 65% ықтималдылықты құрайды.

Чемпиондар Лигасының финалына арналған басқа да коэффициенттерді 1XBet веб-сайтынан көріп, өзіңіз де болжам жасаңыз

Ағылшынның белді командасы кейінгі 10 жылда Еуропаның беделді клубына айналып үлгерді. Соңғы бірер жылда финалға жетуге қауқарлы командалардың бірі болды. Пеп Гвардиола баптайтын ұжым биылғы маусымда Чемпиондар лигасында бірде-бір мәрте жеңілмеген. Тек бір кездесуде тең түсіп, қалған 11 қарсыласынан басым болды. Оған қоса алдына келген қарсыластарын ойсырай ұтқанымен көзге түсті. Пеп өткен жылмен салыстырғанда команданың қорғанысында біраз жұмыс жасады. 12 матчта "Манчестер Сити" қақпасына бар болғаны 4 гол жіберді.

"Челси": Томас Тухельдің қатарынан екінші финалы

Өткен маусымда ПСЖ-ның тізгінінде Томас Тухель финалға дейін жетті. Биыл осы көрсетішін асыра орындауға тырысатыны анық.

"Челси" тарихында Чемпиондар лигасының финалына үш рет шығып, тек біреуінде жеңіске жеткен. 2012 жылы "кәрқұрлықтың" үздігі атанған.

Неге "Челси" жеңіске жетеді?

2012 жылы жарты жолдан қосылған Роберто Ди Матео "Челсиді" Кубокқа жеткізді. Ал биыл Томас Тухель көрсеткіші көңіл көншітпеген Фрэнк Лэмпардтың орнын басты.

Бұл жай ғана сәйкестік десеңіз, мынаған назар аударыңыз. "Челсидің" бас бапкері Томас Тухель "Ман Сити" бапкері Пеп Гвардиоладан қалай айласын асыру керегін жақсы біледі. Оның командасы Англия Кубогы мен чемпионатында "Манчестер Ситиді" екі матчта да жеңген.

Әлем БАҚ өкілдері мен футбол сарапшылары не дейді?

Ермұхамед Мәулен, спорт комментаторы:

"Финалда кез келген жағдай болуы мүмкін. Оның үстіне бұл Чемпиондар лигасы. Әрине, матчтың фавориті ретінде "Манчестер Сити" саналады. Дегенмен "Челси" де оңай шағылатын жаңғақ емес. Психологиялық тұрғыдан "Челси" қарсыласынан еш қорықпайды. Қос команда да шебер ойыншылар жетерлік. Сондықтан финалда жанкүйерлер голға кенде болмайды", - дейді спорт комментаторы. 

Мэтью Ховарт, ағылшынның футбол сарапшысы:

"Англия чепмиондары биыл Еуропаны бағындыруға әзір. Олардың шабуылдағы азулы ойыны кез келген қарымды қарсыласын састырары анық. Ал оған тас-қамал қорғанысты қосыңыз. "Сити" биыл тек 4 гол жіберген. Хосеп Гвардиоланың командасы психологиялық кедергіні еңсеріп, ширек финалдан ары асты. ПСЖ-дан басым түскен ағылшын командасы сенімділік қосқаны анық"

Джон Фиппс, УЕФА-ның футбол сарапшысы

"Томас Тухель барлық турнирде тек бес матчта жеңіліс тапқан. "Челси" биыл өте сапалы ойын өрнегін көрсетіп жатыр. Егер команда көшбасшылары деңгейін түсірмесе, олар ешкімнен қорықпайды. Оған қоса, "Челси" биыл Англия Кубогының жартылай финалында "Манчестер Ситиден" басым түсті. Бұл олардың өзіне деген сенімін арттыратыны белгілі".

The Telegraph басылымы оқырмандары арасында сауалнама жүргізіп, кім мықтыны анықтап көрді. Дауыс бергендердің 69% "Манчестер Сити" жеңіске жетеді деп есептейді екен. 

"Сити" ПСЖ-ға қарсы жартылай финалдық кездесуді өте жоғары деңгейде өткізді. Пеп Гвардиола "Барселона" тізгінінде жеткен жетістігін қайталап көруге тырысады. Оның үстіне "Манчестер Ситидің" жанкүйерлері бұл сәтті ұзақ күтті. 

"Челсидің" тізгініне Томас Тухель келгелі командада біраз өзгеріс болды. Қорғаныс жақсарып, ойын сапасы көтерілді. Соңғы ойындарда "Челси" қарсылас қақпасын бірінші болып көздегенде жеңіліп көрген емес. Сол себепті финалда алғашқы голдың маңызы зор", - деп жазады басылым. 

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Португалиядағы "Драгау" стадионында өтеді. Финалға испан төрешісі Антонио Матеу Лаос қазылық жасайды. Матчқа әр команданың 6 мың жанкүйері ғана келіп, стадионнан тамашалай алады. Финал әу баста Стамбұлдағы Ататүрік атындағы Олимпиялық стадионда өтуі тиіс болған. Алайда Түркияда коронавирус індетінің өршуіне байланысты УЕФА соңғы сәтте шешімді қайта өзгертуге мәжбүр болды. 

Stan.kz
Жұма, 28 Мамыр, 2021 12:27
Талқылау