AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасының финалы: "Реал Мадрид" турнир жеңімпазы болды

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульден" басым түсті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші матчте ұлыбританиялық команда кешігіп келді, оған қоса көрермен билеттерін тексеру ұзаққа созылды, сол үшін ойын 36 минутқа кеш басталды.

Бастапқы құрамдар мынадай болды:

Ливерпуль: Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах

Реал Мадрид: Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема.

Кездесудің 59-минутында ойындағы жалғыз голды Винисиус Джуниор соқты. Бұл "Реал Мадридтің" матчтегі алғашқы соққысы болды.

Ағылшын командасы оған жауап ретінде көп шабуыл жасады, бірақ ,бәрі нәтижесіз болды. Мохамед Салахтың хет-трик жасауға мүмкіндігі болды, бірақ Тибо Куртуа Ливерпульдің барлық әрекетіне қарсы тұра алды. 

 

"Реал" 45-минутта тағы бір гол соқты. Алайда Карим Бенземаның голы VAR-ды көргеннен кейін саналмады.

Айта кетейік, испан клубы өз рекордын жаңарта отырып, тарихта 14-рет бас еурокубок турнирін жеңімпазы атанды.

Еске сала кетсек, бәсекелестер Еуропадағы басты клубтық турнирдің финалында үшінші рет кездесті. Парижде өткен 1980/81 жылғы чемпиондар лигасының финалында "Ливерпуль"1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 2017-18 жылғы маусымда Киевте өткен матч испандықтардың жеңісімен аяқталды (3:1).

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр