ChatGPT-де енді ересектер үшін эротикаға рұқсат берілмек
Фото: Pixabay.com
Жасанды интеллектпен айналысатын OpenAI компаниясы өзінің танымал ChatGPT контент ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. OpenAI бас директоры Сэм Альтманның айтуынша, компания ересек пайдаланушыларға эротикалық контент жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Альтман желтоқсанда шығарылатын ChatGPT-тің келесі нұсқасы +18 контентті шектемейтінін және “ересектерге арналған эротикаға көбірек мүмкіндік беретінін" жазды.
"Егер сіз ChatGPT сізге адам сияқты жауап беріп, түрлі эмодзи қолдануын немесе дос сияқты сөйлескенін қаласаңыз, ChatGPT мұны істеуі керек", – деді Альтман.
16 жастағы жасөспірімнің ата-анасы ұлдарының өз-өзіне қол жұмсауына ChatGPT-ді кінәлады
Блогер ChatGPT-дің қателігінен ақшасы төленген демалысына бара алмай қалған
Қазақстанда жасанды интеллект әсерінен 1 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы ықтимал
Илон Масктың компаниясы да мұндай қадамға барды. Енді Grok ашық сексуалды контент жасай алады.
Эротикалық контент OpenAI-ге ақылы нұсқаны жазып алатын қолданушыларды тартуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін мамандар ChatGPT-ді ұзақ уақыт пайдалану психикалық мәселелерге әкелуі мүмкін екенін ескертті. Әсіресе жасөспірімдер чат-ботқа кеңес беріп, ішкі сезімдерін бөлісуге бейім, бұл оларды қоршаған ортадан оқшауландыруы ықтимал. Сарапшылар жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде қолдану қажет екенін атап көрсетеді. Cодан кейін ChatGPT-де ата-ана бақылауы пайда болды.

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
