ChatGPT-де ата-ана бақылауы пайда болды
Фото: Pixabay.com
OpenAI компаниясы әрі чат-боттың әзірлеушісі жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының аккаунттарын байланыстыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ата-аналар жасөспірімдердің белгілі бір контентке қолжетімділігін шектей алады, "үнсіздік режимін" орната алады, сондай-ақ ChatGPT-дің алдыңғы чаттарды есте сақтап-сақтамауын бақылай алады.
Дегенмен компанияның айтуынша, ата-аналардың жасөспірімдердің чат мәтіндеріне қол жеткізу мүмкіндігі болмайды. Сонымен қатар егер нейрожелі жасөспірімнің дағдарыста екенін байқаса, OpenAI қызметкерлері ата-аналарына шұғыл хабарлама жібереді.
Reuters-тің жазуынша, бұл жаңа мүмкіндік Калифорниядан шыққан 16 жастағы оқушы Адам Рейннің өліміне қатысты оның отбасының OpenAI мен оның бас директоры Сэм Альтманға қарсы сот ісі аясында пайда болды.
Рейн 2025 жылдың сәуірінде бірнеше ай бойы ChatGPT-мен осы тақырыпта сөйлескеннен кейін өзіне қол жұмсаған. Отбасы чат-бот баланың суицидті жоспарлауына көмектесті деп мәлімдейді.
Блогер ChatGPT-дің қателігінен ақшасы төленген демалысына бара алмай қалған
Қазақстанда жасанды интеллект әсерінен 1 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы ықтимал
Еске салайық, бұған дейін мамандар ChatGPT-ді ұзақ уақыт пайдалану психикалық мәселелерге әкелуі мүмкін екенін ескертті. Әсіресе жасөспірімдер чат-ботқа кеңес беріп, ішкі сезімдерін бөлісуге бейім, бұл оларды қоршаған ортадан оқшауландыруы ықтимал. Сарапшылар жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде қолдану қажеттігін атап көрсетеді.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
