Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі кәсіпкер әйелдерге арналған Business-Aru жобасын жариялады

 

Баннер Бизнес-Ару

ЦентрКредит Банкі Mastercard-пен бірлесіп және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚБ) қолдауымен Business-Aru гранттық жобасын жариялады. Өтінімдер биыл 6 наурыздан бастап қабылданады.

Аталмыш жоба – Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін өркендетуге және қолдауға бағытталған білім беру мен байқауды ұштастырған бірегей алаң.

Business-Aru – жеке ісін бастауды немесе қолданыстағы бизнесін дөңгелетуді мақсат еткен қазақстандық әйелдерге арналған тегін оқу бағдарламасы әрі бизнес-жоспарлар сайысы. Қатысушылар қаржы, маркетинг, сауда және менеджмент салалары бойынша дәріс алып, кейін өздерінің жеке бизнес-жоспарларын әзірлеп, қазылар алқасының алдында қорғайды.

Жобаға 18 жастан асқан қыз-келіншектер қатыса алады. Олардың қатарында ісін жаңа бастағандар да, кәсібін кеңейткісі келетін тәжірибелі кәсіпкерлер де болуы мүмкін.

"Өткен жылы жоба нәтижелері біз ойлағаннан де асып түсті. Еліміздің түкпір-түкпірінен үш мыңнан астам әйел қатысып, 44 финалист өз бизнес-жоспарын сәтті қорғап шықты. Бүгінде жеңімпаздар банк көмегімен өз идеяларын жүзеге асырып жатыр. Біз еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің зор әлеуетін көрдік, сондықтан Business-Aru жобасын жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдадық", – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимиров.

Тіркелу тәртібі туралы толық ақпаратты банктің ресми сайтынан біліп, өтінім жолдауға болады.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 10:00