AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альфа-Банктың Қазақстандағы атауы өзгермек

"ЦентрКредит Банкі" АҚ "Альфа-Банктың" Қазақстандағы еншілес компаниясының акцияларын сатып алу бойынша келісімнің аяқталғанын мәлімдеді. Қайта тіркеуден кейін Банк жаңа ECO BANK бренді бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Альфа банк

Сонымен қатар қазіргі клиенттер үшін барлық банк өнімдері өзгеріссіз қалады. SDN тізімінен шығару процедурасы аяқталған соң клиенттерге барлық банк қызметтерін қол жетімді болады. 

"Біздің клиенттерге ыңғайлы болу үшін BCC.kz сайтында сұрақ-жауап түрінде ақпараттық жадынама орналастырылған. Қосымша сауалдар туындаған жағдайда жеке тұлғалар үшін 505 нөміріне, заңды тұлғалар үшін 605 нөміріне қоңырау шала алады", – делінген банк хабарламасында. 

"Альфа-Банкты" сатып алу бойынша келісім "ЦентрКредит Банкінің" жеке қаржысы есебінен қаржыландырылған. Қазіргі уақытта Банкте ребрендинг жүргізу бойынша жұмыстар басталды, кейін банк нарықта 33 жыл жұмыс істеп келе жатқан "ЦентрКредит Банкі" секілді толығымен қазақстандық болмақ. 

"Санкция салынған банкті сатып алу Қазақстанда алғаш рет және осындай қысқа мерзімде жүзеге асырылуда. Оң нәтиже үшін келісімге қатысқандардың барлығына алғыс айтамын. Біз үшін басты назарда клиенттерден түскен сұраныстардың шешімін табу тұрады. Сондай-ақ командаға зейін қойып, жаңа банктегі бизнес-процестерге қызығушылығын арттыру керек. Мұның барлығы бізге алдағы уақытта өз позициямызды нығайтып, жаңа әрі ыңғайлы банк қызметтерін іске қосуда және біздің клиенттерімізбен ұзақ мерзімді келісім құруда көмектеседі", – деді "ЦентрКредит Банкі" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр