Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Cаяхаттап жүрген азаматты демалысының соңғы түні екі ер адам зорлап кеткен

Өткен аптада Испанияның оңтүстігінде орналасқан Валенсияда ирландиялық туристті екі ер адам зорлап кеткен. Қазіргі таңда полиция күдіктілерді іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап. 

18 маусым күні 28 жастағы азамат Эль-Кармен қаласындағы адамдар көп жүретін аймақтан екі азаматты кездестірген. Олармен бірге серуендеуге шыққан ирландиялыққа жаңа таныстары шабуыл жасаған. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, араб ұқсайтын екі ер адам туристің үстіндегі киімін жыртып, оны ескі өзен арнасына апарып зорлаған.

Кейінірек Ла-Фе қалалық ауруханасының дәрігері жәбірленушінің зорланғанын растаған. 



Валенсияның Ұлттық полициясы іске қатысты ешқандайда түсініктеме бермеді. 

Эль-Кармен Валенсияның ескі Сьют-Велья қаласының қақ ортасында орналасқан. Ол жерде күні-түні туристер ағылып келеді. 

Зардап шеккен турист отанына оралмай тұрып, жақсылап демалмақ болғанын айтады. Алайда мұндай жағдайда тап боламын деп ойламапты.  

Ер адам полицияға арыз беріп, жергілікті ауруханаға барған күні ұшаққа отырып, үйіне қайтқан. 

Бұл іс бойынша әзірге ешкім ұсталған жоқ, полиция тергеуді жалғастыруда.

Талқылау