Шымкентте іздеу жарияланған экс-депутат қолға түсті
Фото: Gov.kz
Іздеу жарияланған Шымкенттің бұрынғы мәслихат депутаты Қуаныш Дәулеталиев табылып, сот отырысына жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Дәулеталиев сот отырысының күні мен уақыты туралы ескертуді елемегендіктен, сот оны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарды. Сотта оған қатысты қорлау дерегі бойынша арыз қаралды.
"Аталған қаулының орындалуын бақылау Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне жүктелді. Азамат анықталып, сотқа жеткізілді", – делінген Шымкент қалалық полиция департаменті хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланған еді.
Қуаныш Дәулеталиев Шымкент қаласында дүниеге келген, № 66 мектепті бітірген. 2014 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің заң факультетін тәмамдап, заңгер біліктілігін алған.
Еңбек жолы:
— 2000–2009 жылдары — жеке кәсіпкер;
— 2009–2015 жылдары — "Сенім-Құрылыс" ЖШС-нің коммерциялық істер жөніндегі директордың орынбасары;
— 2015 жылдан бастап — "БОИНИС КС" ЖШС директорының орынбасары;
— мәслихаттағы "Ауыл" партиясының депутаттық фракциясын басқарған.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
