"Нағыз өз уақытында келді": Құралай Анарбекова жеке өмірінен сыр шертті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер, актриса Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында тұрмысқа шығып, қалыңдық атанған еді.
“Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді. Тіпті мені қоршаған орта да өзгерді. Біреулер кенеттен және түсіндірместен кетіп қалды, ал біреу нағыз өз уақытында келді. Жаңа адамдар, жаңа мағыналар пайда болды. Сіз өзіңізді өзгерткен кезде айналаңыздағы әлем қалай өзгеретінін көру қызық. Мен бәріне ризамын. Әсіресе қазір қасымда жүргендер үшін. Кейде барлығын бірден бөліскім келеді, айтқым келеді, көрсеткім келеді. Бірақ мен аздап ырымшыл адаммын. Бақыт пен ақша тыныштықты жақсы көретініне сенемін. Сондықтан ең маңызды нәрселер жүректе өмір сүрсін", – деп жазды актриса.
-
"Ақшаның орнына ноутбук берді": Ильхан Ихсан әріптесі Қайрат Нұртаспен не байланыстыратынын айтты
-
"Болашақта көресіздер": Құралай Анарбекова блогер NNN-мен қарым-қатынасын айтты
Желі қолданушылары жазбаны түсінбей қалғандарын жасырмады.
“Жолдасы отбасын салуға рұқсат етпеген”, “Қалай құттықтайтынымызды білмей қалдық”, “Менің парақшама өтіңдер, мен бәрін айтып беремін”, “Бастысы бақытты бол, қалғаны – өмір”, “Таңдаған жолыңыз сізге қуаныш , бақыт сыйласын. Жолыңыз ашық болсын”, – деп жазды көпшілік.

“Қазақша қызмет көрсетуге міндетті емеспін”: Қазақстандықтар Алакөлдегі демалыс орнының үстінен арыз түсірді
