Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әрбір үшінші адам Beeline-ды таңдайды: Қазақстанда интернет қалай қарқынды дамып, қолжетімді болып жатыр?

Фото: Beeline Қазақстанның баспасөз қызметі

Оператор 2025 жылдың алғашқы алты айында 78 мыңнан астам жеке үйге интернет қосты. Бұл былтырғы жалпы көрсеткіштен 56% көп.

Кейінгі жылдары Қазақстанда құрылыс саласы қарқынды дамып жатқаны байқалады: жаңа аудандар бой көтеріп, қала маңы дамып, жекеменшік сектор кеңейіп жатыр. 2025 жылдың алғашқы үш айының өзінде құрылыс жұмысы былтырға қарағанда 17% артқан. Су, жылу, электр желілері сияқты инфрақұрылымдары тез дамып жатқан кезде, жаңа жерге қоныстанғандар арасында да тұрақты әрі қолжетімді интернет мәселесі жиі көтеріле бастайды.  

Алайда тұрғындарды жаңа үйіне кірген сәтінен тұрақты интернетпен қамтамасыз ету оңай емес. Себебі Қазақстанда ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандарда, шағын қалалар мен ауылдарда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Ал ол жерлерде бұрын тұрақты немесе дұрыс істейтін мобильді байланыс болмаған. Сондықтан операторлар желіні нөлден бастап құруға мәжбүр. Оған қоса ауа райы да кедергі келтіреді: мысалы, ауа райы температурасы –15°C-тан төмен болса, жер қазу сияқты жұмыстарды жасауға болмайды. Сол себепті интернет қосу процесін алдын ала мұқият жоспарлау қажет.

Бұл мәселені жүйелі түрде шешіп жүрген операторлардың бірі – Beeline Қазақстан. Кейінгі жылдары компания интернет желісін кеңейтуде ең жоғары қарқынды көрсетіп, бүгінде бекітілген интернет нарығындағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.

Бүкіл ел бойынша GPON: қолжетімді интернетті қосу

Beeline 15 жылдан бері Қазақстанда интернет желісін дамытып келеді. Ал кейінгі уақытта жаңа тұрғын үйлерде, қала маңындағы аудандарда және жеке секторда желіні кеңейтіп жатыр. GPON технологиясының арқасында интернет секундына 1 гигабитке дейін, яғни өте жылдам істейді, оған қоса жаңа үйлерге интернетті бірден қосуға мүмкіндік береді. Тұрғындар интернетті ұзақ күтпей-ақ, көшіп келген алғашқы күннен бастап интернет қолдана алады. 

Фото: 2022–2024 жылдар аралығында Beeline арқылы үй интернетіне қосылған үйлердің өсу динамикасы

2020 жылдан бері 713 мыңнан астам үй Beeline-ның заманауи интернетіне қосылды. Ал тек 2024 жылдың өзінде компанияның желісіне 220 мыңнан астам жаңа пәтер қосылды.

Сандардан да маңыздысы – адамдар

Әрине, бұл сандар мен көрсеткіштер таңғалдырады, дегенмен ең бастысы – адамдардың өміріндегі өзгеріс. Мысалы, Қарағанды тұрғыны Светлана Осининаның үй интернеті жұмысын жеңілдеткен: ол қазір үйде отырып-ақ, бейнеконференцияларға емін-еркін қатысып, үлкен файлдары кедергісіз жүктей алады. Оның айтуынша, үй интернеті мобильді байланысына қарағанда әлдеқайда жылдам әрі тұрақты. Ал қашықтан оқитын және жұмыс істейтіндер үшін сапалы, тұрақты интернет әлі өзекті әрі қажет нәрсе саналады. 

Фото: Beeline Қазақстанның баспасөз қызметі

Жоғары сапада фильм мен сериал көретін, онлайн ойын ойнайтын басқа қолданушылар үшін интернеттің маңызы зор. Жылдам интернеттің арқасында контент, бейне қатпай, біркелкі көрсетіледі және еш кедергісіз ойын ойнап, демалуға болады. 

Beeline Қазақстан холдингінің Enterprise бизнес-бөлімі атқарушы директоры Рауан Қабдрахимовтың айтуынша, бекітілген байланыс қазір жай ғана қызмет емес, елдің заманауи инфрақұрылымының бір бөлігіне айналды.

"Біздің міндетіміз — интернетті тек орталықтарда ғана емес, кез келген өңірде қолжетімді ету. Бүгінде елдегі әрбір үшінші жаңа абонент бекітілген байланыс үшін Beeline-ды таңдайды. Бұл бізге деген сенімнің жоғары екенін әрі жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді", — деді ол.

Интернеті бірден қосылған жаңа үйлер 

Фото: Beeline Қазақстанның баспасөз қызметі

Жаңа құрылыстарға арнайы назар аударылды. Оператор құрылыс кезеңінен бастап құрылысшылармен тығыз жұмыс істейді. Мұндай тәсіл тұрғындарға көшіп келген күні-ақ желіге қосылуға мүмкіндік береді. Бұл цифрлық теңсіздікті азайтып, қалалық инфрақұрылымның жаңа нормасын қалыптастырады.

Сонымен қатар тұрақты интернет қажет білім ордасы, медицина ғимараты және әкімшілік қызметтер сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарға да басымдық беріледі.

 Бұрын дым болмаған жерде енді интернет бар 

Желі тек көпқабатты үйлермен шектелмейді. Кейінгі жылдары бекітілген интернет жеке секторда да қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың алғашқы жартысында Beeline қарқынды түрде жаңа үйлерге желіні қосты: олардың саны 78 000-нан асты. Бұл былтырғы жалпы көрсеткіштен 56% көп. Кейінгі екі жылда жалпы 129 000-нан астам жаңадан қосты. Бұл жеке сектор бекітілген интернет қарқынды түрде кеңейіп, қолжетімді бола түскенін көрсетеді. 

Фото: Beeline Қазақстанның баспасөз қызметі

Тұрғындары тұрақты интернетке ие бола алмаған шалғай ауылдарға да ден қойылды. Көп уақыттан бері көптеген шалғай ауылдарға қызмет дұрыс берілмеді, онда желі байланысы әлсін-әлсін істейтін. 

Бүгінде оператордың ауқымды бағдарламасының арқасында тек ірі қалалар емес, шағын ауылдар мен кенттер де интернетке қосылған. Енді жергілікті тұрғындар жылдамдығы жоғары үй интернетін толық пайдалана алады және мегаполистердің тұрғындары сияқты цифрлық мүмкіндіктерге ие: қашықтан жұмыс істеу, онлайн оқыту, телемедицина қызметтерін пайдалану, жақындарымен байланыста болу. Қазіргі уақытта Степногорск, Жітіқара, Риддер, Жаңаөзен және басқа ауылдарда инфрақұрылым дамып, сапалы интернет қосылған елдімекен көбейгенін дәлелдеп отыр.

Наргиза Аршидин
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 14:38
Талқылау