Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт фильм түсіруге 350 мың АҚШ долларын жұмсаған

Әнші Бүркітті режиссерлік қырынан танитын күн алыс емес. Өнер иесінің киногер ретіндегі алғашқы туындысы 30 қараша күні үлкен экранға жол тартады. Бұл ретте Бүркіт киноға қатысты азды-кем ақпаратпен бөлісті.

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жары Аишаның айтуынша, танымал актерлер Бүркіттің режиссерлік қабілетін жоғары бағалаған.

“Түсірілімге белгілі актер Жан Байжанбаев та қатысты. Ол да басты рөлдердің бірін сомдады. Жан Айбекті (авт. Бүркіт) режиссер ретінде мақтады. Өздеріңіз білесіздер, ол өте мықты, тәжірибелі режиссерлермен жұмыс істеген”, – дейді Аиша.

Бүркіттің айтуынша, “Логово” кинокартинасын түсіруге бас-аяғы 350 мың доллар қаражат кеткен. Триллер жанрында фильм таспалаған Бүркіт кеткен қаражатты қайтара алмай қалу қорқынышы бар екенін жасырмайды.

“Қорқыныш бар енді. Ол енді негізгі мақсат емес. Бизнес жағынан қарайтын болсақ, бірінші орында тұрған сұрақтардың бірі әрине”, – деп атап өтті ол.

Айтпақшы Бүркіт киноға келген көрермен сюжет желісіне ғана емес, ондағы музыкаға да назар аударса дейді. Себебі:

“Бұл жерде кәдімгідей оркестрмен музыка жазылды. Сондықтан да киноның музыкасына да құлақ ассаңыздар екен”, – дейді Бүркіт.

Бұдан өзге, ендігі режиссер аталмыш кинокартинаны орыс тілінде түсіруінің себебін түсіндірді.

“Елімізде 130-дан астам ұлт өкілі бар. Не дегенмен, олардың тілі – орыс тілі. Барлығы көрсінші деп орысша түсірдік, бірақ киноның қазақша нұсқасы да болады”, – дейді Бүркіт.

Жіберіп алмаңыз:

Әсел Сәдуақасова өз тағдыры туралы фильм түсірмек

Үйленгенін жасырған Ернар Айдар енді неке жүзігін тағудан бас тартты

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Жұрт Баян Мақсатқызының жас кездегі сұлулығына қайран қалды (видео)

Талқылау