Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақыны шешіп алу: 2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шек белгілі болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

2025 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шек өзгерген жоқ (шамамен 2023 және 2024 жылдар деңгейінде қалды) және жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңге арасында болады. 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағыларға 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағылар үшін 6 миллион 100 мың теңге болмақ.

 

Фото: Stan.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не себепті ең төменгі жеткілікті шекті өзгеріссіз қалдырғанын түсіндірді. 

“Жекелеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің ұлғаюына қарамастан, ең төменгі жеткілікті шек мөлшерінің бір деңгейде сақталуы ішінара ең төменгі жалақы және зейнетақы жинақтарының табыстылығының болжамды жылдық пайыздық нормасы сияқты маңызды параметрлердің өзгеріссіз қалуымен байланысты”, – делінген хабарламада.



Қордың мәліметінше, келер жылға арналған ең төменгi жеткiлiктiлiк шектi (ЕБШ) есептеу кезiнде мынадай әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштер ескерілді:

  • Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;
  • Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;
  • Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс минимумы – 46 228 теңге.

Ең төменгі жеткілікті шек – белгіленген ең төменгі зейнетақы деңгейінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Ең төменгі жеткілікті шек – зейнет жасына жеткен адамның зейнетақы шотындағы ақша. Бұл ең төменгі зейнетақы деңгейіне сәйкес зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етеді және жасы келген адамдардың табысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін 2025 жылы Ұлттық қордан қазақстандық әр балаға қанша ақша түсетінін жазған едік.

Талқылау