БЖЗҚ банкрот компанияларға берген қаржыны қалай өндіріп алмақ
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 20 эмитентке қатысты іс материалдарын сотқа жіберді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен қатар, 2017 жылы 5 эмитентке қатысты қылмыстық іс қозғалды. БЖЗҚ салымшылары банкротқа ұшыраған компанияларға салынған ақшаны қайтаруға бар күшін салып жатыр.
Ал қор салымшылары, қарапайым азаматтар өз қаржыларының сақталуына алаңдаулы екені рас. «Барлық проблемалық эмитенттер бойынша провизия (резервтер) жасалды.
Қайтарылған немесе өндірілген қарыз сомасы провизия арқылы жабылып, салымшылардың шотына салынады. Сонымен қатар, ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңына сәйкес мемлекет міндетті зейнетақы салымдарын, міндетті кәсіби зейнетақы салымдарын инфляцияны ескере отырып, зейнет жасына жеткен адамдарға беруге кепілдік береді», – деді БЖЗҚ өкілдері.
2017 жылдың 1 маусымында БЖЗҚ портфелінде проблемалық активтердің үлесі 45 млрд теңге болған. Қор басшылығы мұның алдында БЖЗҚ қаржысын инвестициялаған борышкер компаниялардың тізімін жариялаған еді. Олардың айтуынша, банкротқа ұшыраған компанияның борышы мүлкін сату арқылы жабылады.
Қазақстан заңнамасына сәйкес банкротқа ұшыраған эмитенттің мүлкін өндіруде белгілі бір кезектілік бар. Қор кредитор ретінде өз ақшасын 4-кезекте даулай алады. Ең алдымен борышкер алимент төлемі, еңбек ақысы, кепілге қойылған мүлік ақысын, салық бойынша қарыздарын өтеп алуы тиіс.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртас алғаш рет қос қызының суретін жариялады
Тәуекел Мүсілім марқұм әкесін есіне алып, көз жасын тоқтата алмады
Қазақстандық Данелия Төлешева мен ата-анасына Украина азаматтығын қабылдау ұсынылды (видео)