БЖЗҚ 10% міндетті зейнетақы жарналары зейнетақымен қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін мәлімдеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазіргі уақытта белгіленген 10% мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары жинақталған зейнетақы деңгейін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қор жүргізілген зерттеуге сәйкес, табыстың кем дегенде 30%-дық алмастырғыш коэффициентін қамтамасыз ету үшін 10% міндетті зейнетақы жарналары аздық етеді.
Ең төменгі зейнетақы есептелген қазақстандық сот арқылы төлемін көбейтіп алды
“Табысты алмастыру коэффициентін кемінде 30% деңгейінде қамтамасыз ету үшін 40 жыл бойы зейнетақы жарналарының мөлшері кемінде табыстың 13% болуы немесе 30 жыл бойы 18% төленуі қажет. Ал егер жұмыс өтілі 20 жыл болса, 40% ТАК үшін жарналар 38,1% болуы тиіс”, – делінген ақпаратта.

БЖЗҚ мамандары азаматтарды өз болашағын ойлап, зейнет жасында өмір сүруге мүмкіндік беретін жеке қаржылық қор құруға шақырады.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті етуді талап етіп, петиция жариялаған еді.
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)