Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бюджет тапшылығы, мигранттар шабуылы мен валюта бағамы": Германияда Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлау өтті

Германияда 23 ақпанда Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлауға дауыс беру болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com 

Таңғы сағат сегізден бастап Германияда Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлауға дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылды. Олар сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сайлауға барлығы 29 саяси партия қатысты. Сайлау науқаны қысқа және қатал болды. Оның барысында "бағытты өзгерту" сөз тіркесі жиі айтылды.

Неміс экономикасындағы рецессия науқаны ең көп талқыланатын тақырыптарының бірі болып отыр. Алайда, қаңтар айының соңында Ауған босқыны Ашаффенбургте екі адамды, оның ішінде бір баланы пышақтап өлтірген болатын. Осы оқиғадан соң елде көші-қон мәселесі пікірталаста басым бола түсті.

Сол қайғылы оқиғадан кейін Фридрих Мерц бірден сайлауға дейін босқындарға пана беру саясатын қатаңдатқысы келетінін айтты. 



"Германияда солшыл саясатты жүргізуге үш жыл жұмсадыңыз. Енді бұл бағытта жүре алмайсыз", – деді сайлауға екі апта қалғанда Бундестагта консервативті ХДС/ХСС блогынан канцлерге кандидат Фридрих Мерц.

Ол мұны 2021 жылдан бастап Германияны "бағдаршам коалициясы" құрамында басқарған социал-демократиялық партияға (SPD), 2024 жылдың қарашасына дейін еркін демократиялық партияның (FDP) либералдарына қарап айтты. 

Либералдар бюджеттегі ақша тапшылығы және мәселені шешу жолдары туралы дау-дамайдан кейін үкіметтен кеткен.

Талқылау