Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайратқа қатысты жағдайға пікір білдірді

Олжас Бектенов, Перизат ҚайратФото: коллаж

Үкіметте өткен брифингте премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайрат ісіне қатысты пікірін білдіріп, "Осы жағдай аясында қайырымдылық ұйымдарының жұмысында қандай да бір өзгерістер бола ма?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Перизат Қайрат жағдайы бюджеттің ғана емес, қайырымдылыққа жиналатын қаржы да ұрланатынының айқын мысалы екенін және бұл тетіктерге заңнамалық түзетулер енгізу қажет екенін айтты.

"Иә, әрине, мен бұл жағдайдан хабардармын. Өкініштісі, бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардан қайырымдылыққа жиналған қаржы да орынсыз жұмсалып жатқанын өмір көрсетіп отыр. Бұл айқын мысал болды ", – деді үкімет басшысы журналистің сауалына берген жауабында.

Қайырымдылық қаражатын жымқырған Перизат Қайрат жалғыз адам емес екенін, алайда бұл қайырымдылық қаражатының жұмсалуын бақылаудағы жүйелі проблеманы көрсететін ең танымал оқиғаға айналғанын атап өтті.

Премьер-министр қайырымдылық саласында ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету үшін заңнамалық өзгерістер қажет екенін айтты.

"Сондықтан, менің ойымша, соның ішінде үкімет тарапынан құқық қорғау органдарының негізінде бізге ұрлық қалай жасалғанының нақты тетігін береді. Ал алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін кейбір заңнамалық түзетулерді қабылдауға болады", – деді премьер министр.

Еске салсақ, 14 шілде күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот процесі басталды. Прокурор айыптау актісінде Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған ақшаны қайда жұмсағанын оқып берді.

Перизат Қайратқа қатысты басты сот процесінің екінші отырысы 15 шілдеде өтті. Сотта сотталушының Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге қатысты эпизоды қаралып, "Асар-Уме" қорының өкілі куәлік берді.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 11:51
Талқылау