Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғы жүйенің өнімдеріне жаңа Қазақстан емес, жаңа қожайын керек": Жақсыбек Құлекеев

Қазір бірінші президент пен оның отбасын ең қатты сынап жатқан адамдар – Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде мансапқа жеткендер. "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабының авторы Жақсыбек Құлекеев бұл адамдарға жаңа Қазақстан емес, жаңа қожайын керек екенін жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев назарбаев

Көрнекі сурет

Кітап авторы жақында ғана Н.Назарбаев жүйесін асыра мақтап, астананың атын ауыстыруды қолдап шыққандарды сынайды. Ол бұл жерде мәселенің Қазақстандағы бюрократиялық жүйе мен саяси элитаның психологиясында жатқанын айтады. 

"Бұл – үнемі біреуге тәуелді жағымпаздар психологиясы. Оларға жаңа қамқоршы керек, жүйеде қалатынына кепіл керек. Ал мұны Қасым-Жомарт Тоқаев ғана бере алады", - дейді Құлекеев.

Бұл адамдарға жаңа Қазақстан емес, жаңа қожайын керек болғанын ашып жазған автор олармен жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес екеніне сенімді.



"Олар оған қызмет етуге дайын, бірақ бұрынғы жолмен қызмет еткісі келеді. Олар елге де бұрынғыдай қарайтын болады. Олардың бәрі осы жүйенің өнімі болғандықтан, жоғары лауазымды шенеуніктердің абайлап болса да Н.Назарбаев құрған жүйені сынай бастағаны күлкілі көрінеді", - делінген кітапта.

Жақсыбек Құлекеев бюрократиялық аппаратты тұтастай өзгертуге шақырады.

"Отыз жыл бойы азаматтардың жарқын болашаққа деген үмітін өлтіру үшін бәрін істеген адамдармен жаңа Қазақстан құру қиын. Билік Қазақстан халқы саясаттан хабардар емес, саясатқа қызықпайды деп ойламауы керек. Халық шын мәнінде өзгерісті қалайды, үкіметте де, президент әкімшілігінде де, әсіресе аудандардағы әкімдер арасында жаңа адамдардың болғанын қалайды", - дейді автор.

Талқылау