Бұрынғы сенатор Алматы мен Алатау арасында әуе такси қызметін ашпақ
Фото: Olympic.kz/ЖИ
Бұрынғы сенатор Юрий Цхай Alatau Advance Air Group компаниясы арқылы жаңа Алатау қаласы мен Алматыны байланыстыратын әуе такси жобасын іске қоспақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сеулде өткен ALATAU RISE With Kazakhstan халықаралық форумында көлік вице-министрі Талғат Ластаев "Алатау қаласы – төмен таулы экономикалық хаб" жобасын таныстырды.
Оның айтуынша, төмен тау экономикасы 3000 метрге дейінгі әуе кеңістігін, қаланың әуе қозғалысын, жүктерді жеткізуге арналған дрондарды және интеллектуалды логистикалық жүйелерді қамтиды.
"Бұл жерде әуе таксилері мен ұшқышсыз жүйелер көліктік және логистикалық тізбектердің ажырамас бөлігіне айналатын, жүкті де, жолаушыны да жеткізуде бұрын-соңды болмаған жылдамдық пен тиімділікті қамтамасыз ететін инновациялық серпіліс болады", – деп хабарлады көлік министрлігі.
Жобаны наурызда негізі қаланған Caspian Integrity арқылы Юрий Цхайға тиесілі Alatau Advance Air Group компаниясы жүзеге асырып жатыр.
Компания Алатауда, Алматыда және Алматы облысында қауіпсіз маршруттармен қосылған вертипорттар желісін (әуежайға ұқсас, бірақ әуе таксилері мен дрондар үшін) құруды жоспарлап отыр. Жобаның коммерциялық іске қосылуы 2028 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр.
Сондай-ақ форум барысында көлік министрлігі, Korean Airports корпорациясы және Alatau Advance Air Group арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаны айтылды.

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
