Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа қызметке келді

жаңа қызметке келдіФото: Facebook Асхат Оралов

Қазақстан президентінің Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оралов бұған дейін Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысында туған. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған.

2014-2016 жылдары "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2016-2018 жылдары Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.

2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі. 2021-2022 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2022-2023 жылдары – "Nur Otan", "Amanat" партиясының Атқарушы хатшысы.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған. Алайда 2023 жылдың 1 қыркүйегінде бұл қызметтен босатылды.  

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 09:59
Талқылау