Бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі болды
Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген сейсенбіде тараған мәліметте.
Айта кетейік, Ақшолақовтың орнына Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалған.
- Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қайта тағайындалды
- Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып орнында қалды
Ақшолақов 2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі қызметін атқарды, оған дейін 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болған. Одан бұрын, 2019-2021 жылдары "Almex Petrochemical" ЖШС бас директоры болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"