Соңғы жаңалықтар

"Бұны тоқтатуымыз керек": Қытайдың мұсылмандарды күштеп жұмысқа тартқанын дәлелдейтін зерттеу жарияланды

BBC жаңа зерттеу жүргізіп, Шыңжаңда күштеп жұмысқа тартылған ұйғырлар мен Қытайдағы бас этникалық ұлттардың жайы туралы жазды. Интернетте табылған құжаттардың негізінде дайындалған журналисттік зерттеу мәселенің тағы бір қырын танытты, деп хабралайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: www.bbc.com

Басылым мәліметінше, аспан асты елінің билігі елдегі этникалық топтарды күштеп мақта өндірісіне тартуда. Табылған құжаттарға сенсек, Қытай аумағындағы түзету лагерьлерінде бір жарым миллионнан астам азамат бар көрінеді. 

Дегенмен Қытай үкіметі бұл айыптауларды жоққа шығарумен келеді. Сөздерінше, шын мәнінде түзету лагерьлері елдегі жоқшылықты жоюға арналған мектептер, ал ол жақтағы жұмыскерлер - өз еріктерімен бағдарламаға қатысқысы келгендер. 

"Біз бірінші рет этникалық ұлттар күштеп тек киім-кешек өнеркәсібінде ғана емес, сондай-ақ, мақта өндіруге жұмылыдырылғаны туралы дәлелдерге қол жеткіздік. Шыңжаң Қытай бойынша 80%, әлем бойынша 20% мақта өндіреді. Осыған орай, бұл үлкен мәселе екенін атап өтіп, "бұны тоқтататын кез келді" деп айтқым келеді", - дейді құжаттарды тапқан Вашингтондағы коммунизм құрбандарын еске алу қорының ғылыми қызметкері Адриан Зенц.



Құжатқа келетін болсақ, бұлар қытайлық БАҚ-қа және желіге жүктелген үкіметтік баяндамалар екен. Онда қажетті жұмыс күші мақта плантацияларына жіберілді, жұмыскерлерді "заңсыз діни әрекеттерге қарсы болуға" үйрету керектігі айтылыпты. Бір айта кетерлігі, шаруашылыққа тартылғандар өз еркілерімен мақта жинауға жіберілмегендігін де дәлелдейтін қағаздар да табылған. 

Сурет: www.bbc.com

Қытай елдегі кедейлік деңгейін азайту үшін осындай шаралар қолданып отыр деседі. Халықты жұмысқа күштеп тарту, әсірсе, соңғы кездері күшейген. Қытай басшысы Си Цзиньпин осылайша мемлекеттегі жоқшылықты келесі жылы болатын компартияның 100 жылдық мерейтойына орай түбегейлі жоймақ көрінеді. 

Кейбір деректерге сүйенсек, аталмыш кампания Шыңжаң провинциясында әлдеқайда қатаң түрде жүзеге асырылуда. Бұл 2013 және 2014 жылдардағы экстремистік әрекеттердің кесірі болуы мүмкін екен. Екі оқиғаға да кінәлілер ұйғыр ұлтының арасынан шығыпты. 



Бұған жауап ретінде ел билігі 2016 жылдан бастап түзету лагерьлерін сала бастаған. Мұнда кішкене болсын күдік туғызған адамдардың барлығы, телефонына шифрлық жасыру енгізген адамнан бастап, діни сайттарға кіргендерге дейін жіберілетін көрінеді. 

Сурет: www.bbc.com

Қытайдағы жағдай тек лагерьлермен шектелмеді. 2018 жылы олардың жанынан түрлі зауыттар мен фабрикалар ашылды. Мұндай жұмыс орындарына осы лагерьлердегі азаматтар жіберіледі екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр