AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұлай жалғаса берсе, бұдан да қатаң шаралар қабылдаймыз": Сағынтаев алматылықтарға жүгінді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жасады. Оның айтуынша, егер жағдай күрделенсе, мегаполисте қатаң шектеу шаралары қабылданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сағынтаев

“Эпидахуалдың қаншалықты күрделі екенін туған-туыстан, ағайыннан, жора-жолдастан біліп отырсыз. Араларында ауырып қалып жатқандар бар. Тіпті қайтыс болғандар да бар. Бұл дегеніміз – әлі күнге дейін эпидахуалдың өте күрделі екенін түсінбегенімізде немесе түсінгіміз келмейтінінде. Жеңіл дерт деп ойлаймыз. Бір жарым жыл болды індетпен арпалысып келеміз. Егер сіз ойлағандай жеңіл болатын болса, баяғыда өтіп кетер едік. Оның бір шешімі жоқ. Әр штамм пайда болған сайын күрделеніп барады. Қазір, міне, дельтаны көріп отырмыз. Өте қиын жағдайға алып келді. Оны науқастардың санынан-ақ көруге болады. Біздің клиникаларға күн сайын 700-750 науқас түседі. Тұрғындардан вакцина алуға үндеп жатырмыз. Вакцинацияның өзіне қарсы қанша әңгіме айтылды. Вакцина керек дегенге сенбейміз, керек емес дегенге көбірек сенеміз. Вакцинасыз шешім жоқ, осыны жақсы түсіну керек", – дейді Сағынтаев.



Бұған қоса, ол тұрғындарды қатаң шаралар қабылдаймыз деп қорқытты. 

"Бәрібір қоғамдық орындарда көп жүреміз. Кәсіпкерлердің ешқайсысы карантин талабын сақтамайды, әсіресе мейрамханалар мен түнгі клубтар. Біз қаладағы 74 мекеменің алдына полиция патрулін қойға мәжбүр болдық. Олардың өз жұмысы бар, олар қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек емес пе? Олар, керісінше, түнгі мекемелерге жастар жиналмасын деп күзетіп тұр. Сіздерден тағы да сұраймын. Жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймын. Бұлай жалғаса берсе, бұдан да қатаң шаралар қабылдаймыз. Мониторинг топтар аралайды, қадағалайды. Бірақ бүкіл қаланы жауып тастай алмайды. Өте ауыр жағдайда тұрмыз. Дәрігерлер күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бұлай жалғаса берсе, орынды қайдан табамыз? Қазір орын жеткілікті. Дегенмен, сақтық шараларына бейжай қарамау керек", – деп қосты ол. 

Еске салсақ, бұған дейін қаладағы демалыс күнгі локдаун жаздың соңына дейін ұзартылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр