Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл хайуанаттар бағы емес": Сенатор Қуандық Бишімбаевтың колониядағы фотосы неге жария етілмейтінін айтты

Сенатор, ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түзету мекемесіндегі фотосы неге жария етілмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қожаев

Сенат отырысынан кейін журналистер сенатордан Бишімбаевтың түрмеде жоқ екені туралы ақпараттан соң оның фотосын неге жария етпейтінін сұрады. Қожаевтың сөзінше, бұл азаматтың құқығын қорғаумен байланысты. 


Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісті


“Тіпті жазасын өтеп жатқан адамның да азаматтық құқықтары бар. Егер ол фотосын жария еткісі келмесе, бұған оны ешкім мәжбүрлей алмайды. Бұл хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек. Ол қазір Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі ең жоғары колонияда қамауда”, – деді Қожаев. 

Еске салайық, желіде әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев өз жазасын өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тараған еді. Бірақ кейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мұны жоққа шығарған. 

Талқылау