"Бұл тек бірінші раунд": Қуат Хамитов қамалғаннан кейін алғашқы жазбасын жариялады
Әр басқан қадамы халық назарына бірден ілігетін Қуат Хамитовтің басы тағы да дау астында. Дезинфекция жасайтын қызметкерлерді "ұруға" шақырған постынан кейін оны полиция қызметкерлері ұстап кеткен болатын. Тергеуден шыққан ол желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Соғыста қандай айла болса да орынды! #Бұлтекбіріншіраунд", - деп жазды боксшы.
Жазба Хамитов өз әрекетін түсіндіріп берген видеосынан кейін жазылған. Онда әзіл үшін айтқанын, ешкімді ренжіткісі келмейтінін жеткізген. Спортшы ешкімді жаман істерге шақырмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, танымал боксшы Қуат Хамитовты зорлық-зомбылыққа шақырған видеосынан кейін полиция тұтқындады. Кейіннен ІІМ Қуат Хамитовтың видеосына түсініктеме берді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”