Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл тақырып Кеңес үкіметі тұсында да көтерілген, ал шу енді шығып жатыр": Цой жыныс ауыстыру туралы ережелер жайлы

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өткен жылы қабылданған жыныс ауыстыру бойынша ережелер жайлы пікір білдірді. Айтуынша, бұл мәселе КСРО кезінен бастап талқыланған. Бұл туралы Цой журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұл да жауыр болған тақырып. Қазір қажетті ақпараттың жоқтығынан халық басқалай түсінуде. Жыныс ауыстыру бойынша мәселе сонау 2003 жылдан бастап көтерілген, арнайы заңнама да қарастырылған. Қазір ешнәрсе өзгерген жоқ. Тіпті, КСРО кезінде де осындай ережелер сақталған. Яғни, жыныс ауыстырғыс келетіндер арнайы тексерулер мен мамандардың алдыларынан өтетін. Мен ведомство басшысы атанған кезде "Денсаулық туралы кодекс" қабылданған еді. Біз тек бұл бұйрықты қайта жариялап шығардық. Мен келмей тұрып бұл заң қабылданып қойған. Қазақстанда жыныс ауыстартындар жоқтың қасы. Бұл операцияны мемлекет, сақтандыру қоры да өтемейді. Түймедейді нәрсені, түйедей етіп жіберді. "Цойдың шығарғаны" деп айтып жүргендер де бар. Бұл менің алдымдағы бес министр кезінде де болған. КСРО тұсында да көтерілген. Ал ақпараттық кеңістікте менің атымды ілестіріп жіберді, түрлі мемдер де бар екен", - дейді министр. 

Айтуынша, бұл ережелер кез келген адамның емханаға барып жынысын ауыстыруға деген рұқсат емес. 

"Бұл дегеніміз кез келген адам емханаға келіп мен жынысымды ауырамын деп айтуына рұқсат дегенді білдірмейді. Бірқатар процедуралар, арнайы комиссияның алдынан өту бар дегендей. Соңғы бес-алты жылда мұндай ота Қазақстанда жасалмады. Жынысын ауыстырғысы келетіндер шетелдік клиникалардың көмегіне жүгінді. Мұндай операция бізде орындала бермейді", - деді Цой. 


 

Дидар Халық
Бейсенбі, 27 Мамыр, 2021 16:19
Талқылау