Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл оқиға маған да ауыр тиді": Павлодар әкімі анасының қолынан қаза тапқан қыздың оқиғасы жайлы айтты

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өз анасының қолынан қаза тапқан 7 жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ОКҚ 

Облыс әкімі осындай қайғылы жағдай орын алғанына қатты қайғыратынын жеткізді.

"Жағдайды мен өзім бақылауыма алдым. Жоғалған баланы іздеу үшін 400-ге жуық адам жұмылдырылды. Біз іздестіруге тік ұшақ пен, квадрокоптерлер ұшырдық. Алайда қатты желдің салдарынан іздестіру қиынға соқты",- деп мәлімдеді өңір әкімі елордада өткен есеп беру брифингінде.  

Асайын Байханов өңірде полиция тіркеуінде тұрған қанша отбасы бар екенін айтты. Әкімнің айтуынша, бір ғана Екібастұздың өзінде осындай 78 отбасы бар, ал облыс бойынша 300-ден асады. 

“Әрине, бұл жұмыстармен арнайы органдар айналысады. Бұл жағдайдың орын алуының бірден-бір себебі, жергілікті әкімдік ананың әдепсіз әрекетіне мән бермей, кеш хабарлауында. Бұл ауыл Екібастұздан 65 шақырым жерде орналасқан. Ал осы жағдай орын алған аумақта небәрі 7 үй ғана бар.  Ауылдың өзі окург құрамындағы үш-төрт елді-мекеннің біріне кіреді. Бұл оқиға мағанда қатты ауыр тиді. Дегенмен біз қортынды шығардық, тиісті жұмыстарды орындадық. Екібастұзда жиын өткізіп, әрбір әлеуметтік және мемлекеттік қызметтің кінәсін жан-жақты тексеріп, тиісті шешім қабылдадық”,- деді облыс әкімі.

Өңір басшысы БАҚ өкілінің кінәлілердің жазаланатынына кепілдік бере аласыз ба деген сауалына да жауап берді. 

“Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және қылмыс жасаған адамға жауапкершілік көзделген”,-деп жауап берді ол. 

 

 

Талқылау