Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл – фонограмма": Мөлдір Әуелбекованың сахнадағы іс-әрекеті сынға қалды

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадағы қылығы үшін оқырмандарынан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесі бейнжазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Видеода әншінің сахнада өнер көрсетіп, артынан жамылғысын жерге лақтыра салғанын көрсетті. 

“Бұл – фонограмма! Оған қоса тәлпіштеніп жамылғыны жерге лақтыра салдым да, сахнада ерігіп, жеңімді түріп тұрмын", – деп әзілдеді әнші.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің әс-әрекетін жаппай талқылап жатыр. 

“Жалаң аяқ жүр ме?”, “Фонограмма екенін мойыдап тұр”, “Жұрт жазып қиналмасын деп, өзі бірінші жазып қойған ғой", "Білгенін істеп жатыр", "Орамалды аяқ астына тастаған", "Өзіне сыни пікірлер жазып, осындай деңгейде әзілдесу әркімнің қолынан келе бермейтін дүние", "Қатырдыңыз, Мөлдір ханым", "Дауыс, харизма деген баршылық", – деп жазды оқырман қауым. 

Айта кетейік, Заттыбек Көпбосынұлы әріптесі Мөлдір Әуелбековамен ерекше амандасқанын жазған едік. 

 

Талқылау