Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - бүкіл ел басына түскен трагедия": Тоқаев Жаңатас қаласындағы балалар қазасы жайлы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы оқыс оқиға: өрт салдарынан балалардың қаза болуына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді" , - деп жазды Берік Уәли.


Желіде Тоқаевтың 42 жыл бұрын түскен суреті пайда болды 


Айта кетейік, Жамбыл облысында, Жаңатас қаласында бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапты.

Бес баланың өліміне алып келген Жаңатастағы өрттің алдын ала себебі айтылды.

STAN.KZ
Сенбі, 20 Ақпан, 2021 16:25
Талқылау