"Бұқаралық спорт қауіпсіз болуы керек": Спорт министрі Алматыдағы екі марафоншының көз жұмғанына қатысты пікір білдірді
Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда көз жұмған екі марафоншының жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр Алматыда өткен жартылай марафондағы қайғылы жағдайға назар аударды.
“Марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы – ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай. Қазір оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады”, – деді Мырзабосынов.
Ол жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға талапты күшейтетінін айтты. Сөзінше, бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуға тиіс.
“Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды. Қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айтамын!”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматыда марафонның екі қатысушысы көз жұмған еді.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
