AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұған дейін желі қолданушылары сынға алған: Бақанас ауылында Қонаевқа ескерткіш орнатылды

Алматы облысы Бақанас ауылында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш қойылатын орын арнайы таңдалған, себебі бұл аймақта Қонаевтың ата-бабасы тұрған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

мүсін

Мәрмәр мүсіннің биіктігі үш метрден асады, ал тұғырымен қосқанда жалпы биіктігі бес метрден жоғары. Ескерткіштің авторы – мүсінші Алтай Бейсенов пен архитектор Бекзат Бейсенов. 

Ескерткіштің ашылу салтанатына жергілікті атқарушы билік, зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен тұрғындар қатысты. Мүсін демеушілер қаржысына жасалып, орнатылған. 

"Ол бұл орындарды қатты жақсы көрді. Осы жерге келуді ұнататын. Бірге болатынбыз. Дәл Балқаш ауданы – ата-бабасының ауданы, біздің бабамыздың. Сондықтан бұл жерге деген махаббаты ерекше. Көпір тұрғызды. Депутат ретінде осы аймақтан сайланатын. Яғни бұл жерге ескерткіш қоюы – тарихи әділдікті қалпына келтіру, еңбегін бағалау", – деді Дінмұхамед Қонаевтың туысы Диар Қонаев. 

Бақанаста Қонаевтың ескерткіші 2020 орнатылуы керек болған. Алайда желі қолданушылары, мүсіншілер мен Қонаевтың туыстары мүсіннің кескінін сынға алған



"Мүсінші мүсінге таңдаған дене пропорциясын туған жиендері де тани алмады. Басымен салыстырғанда денесін тым созып жіберген, ал қолдары үлкен. Иығы кең, тым арық етіп жасалған. Оның бойы ұзын болған, алайда мүсіндегідей емес", – деп жазды сол кезде заңгер Бақытжан Базарбек. 

"Ағамның сырт келбетіне мен де, басқалар да тамсанатын, сондықтан бұған наразымын, оның үстіне туған жері Бақанаста. Мүсінші жобаны Д.А.Қонаев қорымен мақұлдау керек еді", – деді Қонаевтың жиені Жанара Мұқажанова. 

Желідегі сыннан кейін ескерткіш құрылысы тоқтап қалған, ал мүсінші Алтай Бейсенов барлығын "түзетуге" әзір екенін мәлімдеді. Кейін Алматы облысының әкімдігінде жұмыс тобы құрылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр