Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүтін бір ауыл браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшының отбасынан кешірім сұрады

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып марқұмның жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап.

Ерлан

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шүкілдіков, Ахметов және Ақшановтың туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштады. Сосын жиналған жұрт марқұмның отбасынан кешірім сұрады. Қылмыскерлердің туыстары мен ауылдастары қорықшының отбасы кешірім берсе,  үш азаматтың «жазасы жеңілдей ме?» деп үміттенеді.

"Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау әділ шешім, дегенімен ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау тым ауыр", - дейді олар.

Сондықтан бүтін бір ауылдың халқы сотталғандарға басқа жаза тағайындауды сұрап отыр. 

"Күнде «әкешім» деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. Кінәлі емес демейміз, кінәлі. Бірақ кінәнің де өз шегі болады.Ортаға бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ қайтып келуін сұраймыз", - деді сотталған Қайрат Ақшанов жары Жанар Ақшанова.

Еске сала кетейік, табиғат қорықшысы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне және оның әріптесі Петр Ницыкқа жасалған әрекетке қатысы бар браконьерлерге қатысты сот үкімі шыққаны туралы хабарланған.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді

Қазақстан аумағындағы ішкі пойыздардың қатынасы тоқтатылды

Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды

Қазақстанда коронавирустың 21 жаңа жағдайы тіркелді

Жалпы 423 науқас тіркелді

Сарымсақпен өзіңізді қорғауды жалғастыра бересіз бе? Алматы әкімінің орынбасары неліктен бетпердесіз жүретінін түсіндірді

Ерлан Қожағапанов тікелей эфирде азаматтар мен журналистердің сауалдарына жауап берді

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізе алмай әбігерге түсті

"Көрмеген қиындығымыз қалмады": Алматы облысында он адам 1500 теңгеге күн көріп отыр

Көпбалалы отбасы карантин басталғалы күнкөріс көзінсіз қалған

Эпидемия аяқталғаннан кейін қытайлықтар коронавирус тасымалдаушыларын жеуге қайта оралды

Қытай тұрғындары қайтадан жарқанаттарды жеуге оралды

Коронавирусқа бөлінген миллиардтаған теңгелер қайда кетті? Қаржы министрлігінің түсіндірмесі

Ел бюджетінен коронавирусқа қарсы шараларға 39,1 миллиард теңге бөлініпті

"Лондонда кішкене біреуге жақындап кетсең, қашады": Англиядан оралған жерлесіміз ол жердегі жағдай туралы айтып берді

Алматылық докторант карантинді қайда, қалай өткізгені туралы

Қазақстан коронавирусқа байланысты 1,7 триллион теңгелік кірістен айырылады - қаржы министрлігі

Қаржы министрінің орынбасары Қазақстан дағдарысқа қанша ақша бөлгенін мәлім етті
Çàãðóçêà...