Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайдағы асқа келген қонақтар жылқы етінен уланып қалған

Бурабай кентіндегі асқа келген қонақтардың жаппай улануына жылқы еті себеп болуы мүмкін.

1501570

Фото: Табылды Қадырбеков

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма бастығы Сералы Жолдаспаев мәлімдеді.

Бурабай орталық аудандық ауруханасына 28 ақпанда науқастар келіп түсе бастады. Бүгінгі таңда 40-тан астам адам өздерін жайсыз сезінген. Олардың барлығы жылқы етін жеген. Дәрігерлер әзірге улану, салмонеллез диагнозын қойып отыр. Жалпы 232 адам болған: жергілікті тұрғындар, Көкшетау, Астана, Петропавл және Қарағандыдан келгендер. Дәрігерлер көмегіне улану белгілерімен 44 адам жүгінді. Олардың арасында сегіз бала бар.

“Адамдардың астан уланғаны анықталды. Барлық клиникалық көрсеткіштер олардың жылқы етінен уланғанын көрсетіп отыр. Салаттар мен жеңіл тамақтар дастарханда болмаған. Бір кесек ет жеп, ауырып қалған жағдайлар бар. Бұл жерде, мәселен салмонеллез жұқтырған адам гигиеналық нормаларды сақтамай, қолымен етке бактерия енгізген”, — деді Жолдаспаев.  Еттің дәмханада қайнатылмағаны анықталды. Етті ас берген адамдар өздері далада қазанға қайнатқан. Ал жылқы Бурабай ауданы Абылайхан ауылынан сатып алынған.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысының жерін Қарағанды облысына беру ұсынылды

Спикер Серік Сәпиевке мәжілісті рингпен шатастырмау керектігін ескертті

Астанада қылмыстық топ басшысының әйелі күйеуіне түрмеге оқ әкелген

Елімізде 39 жасқа дейінгі адамдар жастар қатарына енуі мүмкін

Талқылау