AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайдағы лагерьде екі жасөспірім қатарластарына жыныстық зорлық жасады деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Бурабай ауданы аумағында орналасқан әскери-спорттық қалашықтардың бірінде кәмелетке толмаған екі жасөспірім оның 11 жасар ұлына бірнеше рет сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасамақ болғаны туралы полицияға арызданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құқық қорғаушы Дина Таңсари “Немолчи” қорына Бурабайдағы балалар лагерінде сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 11 жасар баланың ата-анасынан үндеу түскенін айтты. Балаға қорлық көрсеткен 2011 және 2008 жылы туылған қарағандылық ер балалар екені нақтыланды.

"Бұл жиіркенішті, масқара жағдай. Басшылық балалардың қауіпсіздігіне кепілдік берген. Мұны білген аға тәрбиеші зардап шеккен баланы татуласуға, шу шығармауға көндіруге тырысыпты. Бірақ баланың ата-анасы барлығын заң бойынша жазалауды талап етіп отыр", – деп жазды Дина Таңсәрі.



Осы факті бойынша Щучье қаласының полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның аясында заңды өкілдер мен басқа да құзырлы тұлғалардың қатысуымен кәмелетке толмағандармен әңгімелесу жүргізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергеуі ерекше бақылауға алынды", - деп түсіндірді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр