Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайдағы казино қызметкері прокурорға пара бергені үшін ұсталды

Ақмола облысы Бурабайда "Cash Ville" казиносының заңгері прокуратура қызметкеріне пара ұсынғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күдіктіні ұстау операциясын Антикор Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген. Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған.

"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың доллар мөлшерінде пара беру фактісі құжатталды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Талқылау