Бурабайда қызық көріп катамаранға мінген бес бала жағадан алыстап кетті (видео)
Ақмола облысының Бурабай ауданында бес бала түнгі уақытта Қатаркөл көлінің жағалауында иесіз қалған катамаранды тауып алып, мінген. Алайда қызыққа батқан балалар катамаранның жағадан алыстап кеткенін байқамаған. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Катамаран жағадан бес метрдей алыстап кеткенде үш бала қорыққаннан суға секіріп, жағаға өз бетінше жүзіп келген. Катамаранда 2008 және 2014 жылы туған екі бала қалып қойған. Олардың біреуі жүзе алмайды. Қатты желдің салдарынан катамаран жағалаудан 500 метр қашықтыққа алыстап кетті.
Жағаға оралған балалар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардан көмек сұраған.
“Суда құтқару жасағының қызметкерлері тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, балаларды тапты. Қайықпен жеткен құтқарушылар оларды жағаға жеткізіп, жедел медициналық жәрдем көлігіне тапсырды”, – деп мәлімдеді төтенше жағдай министрлігі.
Алматы облысында қараусыз қалған балалар балабақшаның шатырына шыққан (видео)
Кәмелетке толмағандардың ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін Таразда оқушы өрт шыққан пәтерден екі баланы құтқару үшін отқа түскен еді.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
