Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпке белгілі қазақстандық шаңғышы қайтыс болды

2013 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан үшін қола медаль жеңіп алған танымал қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько апаттан қайтыс болды.

Қайғылы жаңалық туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Olympic.kz ресми сайты хабарлады.

ҰОК хабарлауынша, апат бүгін, 24 қаңтарда, Ақмола облысында Бурабай кентінің маңында болған.

Чеботько 38 жаста еді. Спортшы Олимпиада ойындарына төрт рет қатысқан. Ол кез келген қашықтықта сайысқа түсуге мүмкіндік беретін жан-жақты азамат еді. 2013 жылы Валь Ди Фьеммеде ол әлем чемпионатында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Сонымен қатар, Николай Чеботько үш рет алтын жеңіп алды, төрт рет Азия ойындарының күміс және екі рет қола жүлдегері атанды.

Ол бірнеше ұлттық жарыстардың жеңімпазы болды, ал 2012 жылы Квебекте өткен Әлем кубогының үшінші кезеңінде (Денис Волоткамен бірге) тарихи алтын медальдың авторы болды, деп хабарлады комитет.

Қазақстан ҰОК елдің бүкіл спорт қауымдастығы атынан қайтыс болған спортшының туыстарына көңіл айтты.

Талқылау