Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабай аймағындағы көлде балықтар қырылып жатыр: Қазгидромет мәселені түсіндірді

Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы хабарлама тарады. Қазгидромет тексеру жүргізіп, зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020 жылғы 14 қыркүйекте "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Бурабай көлінің 5 нүктесінде жерүсті суларының сынамаларына жоспардан тыс іріктеу және талдау жүргізді. 

1 нүкте: балықтардың қырылу орны;

2 нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 250 м;

3 нүкте: балықтардың қырылу орнынан оңға қарай 500 м;

4 нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 250 м;

5 нүкте: балықтардың қырылу орнынан солға қарай 500 м;

Суды талдау нәтижелері норма шегінде және ауыр металдар шоғырлануының асып кетуі анықталған жоқ.

Қазгидромет хабарлауынша, балықтардың қырылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тексеру нәтижелері судың құрамы таза екенін көрсетті. 

Еске салсақ, осыған дейін Алакөл көлінен өлі құстардың денесі табылғаны белгілі болған. 


Жасыл түске боялған Есіл өзеніндегі судың сынама нәтижелері белгілі болды


 

Талқылау