Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл 6 затты ешқашан кәрізге ағызуға болмайды

Бүгінде көпшілігіміздің үйімізде кәріз құбыры бар. Егер кәріздің көмегімен қоқыстан арылуда ойға алсаңыз, бас тартқаныңыз жөн.

Бұл ретте көпшілігіміз кәріз құбырының бітелуіне алып келіп,  басы артық қиындық туғызатын 6 затты назарыңызға ұсынамыз.

Мысықтарға арналған гигиеналық толтырғыш. Силикагельді толтырғыш, минералды және түйіршіктелетін толтырғыштар суда ыдырамайды. Сондықтан оларды кәрізге ағызуға мүлдем болмайды. Бентонит саздан жасалған толтырғыштар судың әсерінен тығыз түйіршіктер құрады. Ал олар кәріз құбырының бітелуіне алып келеді.

Кофе қалдығы. Ол кәріз құбырының бойында жиналып қалып, құбырдың жылдам бітелуіне алып келеді.

Дымқыл майлықтар. Олар кәріз құбырын бітеп тастайды. Нәтижесіне 3 ай сайын құбырды тазалауыңызға тура келеді.

Жөргектер. Жөргек ішіндені гель суда ерімейді. Керісінше ісіне түсіп, кәріз құбырын бітейді.

Мақта таяқшалары. Таяқшалар құбырдың бүгілген жерерінде жинақталып қалады. Нәтижесінде ол жерге қоқым жиналып, құбырдың бітелуіне алып келеді.

Май. Аспаздық майларды ешқашан кәрізге құюға болмайды. Керісінше жағдайда май құбырдың бойында қатып қалып, тағы да құбырдың бітелуіне сеп болады.

Жіберіп алмаңыз:

Ер адамдар балалардың ойыншығына бола жаға жыртысты

Қытайлық әйел кір жуғыш машинадан салмағы 52 килограмм болатын жылан тауып алды

Android-смартфондарына қауіпті вирус тарап жатыр

Телефонда үздіксіз ойнаған қыз жанарынан айырылды

Талқылау