Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады

Букмекерлік кеңседен бәске тіккен ұтысын ала алмаған Алматы тұрғыны Олжас есімді жігіт Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа шағым жасады.

20161215173834

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Ол “Терек” пен “Урал” командаларының арасындағы матчқа бәс қойған. Матч 30 қазан күні өткен. Грозныйлық клуб қарсылас қақпасына 4 гол салып, 1 гол ғана жіберген.

Алматылық ірі букмекерлік кеңселердің бірінде “Теректің” ұтысына 5 млн 850 мың теңгеге бәс тіккен. Нәтижесінде Олжас 14 млн 157 мың теңге ұтады.

“Олар ұтысты беруден негізсіз бас тартып жатыр. Сосын матч келісілген бе деген күдік ұялады. Осы ретте біз “Терек” футбол клубының құрметті президенті Рамзан Қадыровқа шағым білдіріп отырмыз. Қазір біз одан жазбаша жауап күтудеміз. Біз президент мырзаның матч келісілген деген қауесетке қатысты пікір білдіргенін қалаймыз. Сондай-ақ, құрметті президент ретінде букмекерлік кеңсенің әрекетіне қатысты да ескерсе”, – деді адвокат Жанна Оразбахова.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда балаларға көрсетілген жыныстық зорлық бойынша адам шошырлық деректер жарияланды

Атыраудағы компания өз еркімен жұмыстан шыққандарға 20 мың доллар төлейді

Қазақстандықтар жәрдемге мұқтаж жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

Шымкентте жеңгетайлар саунаға келетін ер адамдарға жезөкшелерді сатып келген

Талқылау