Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Букингем сарайы алдағы үш жылда мемлекеттік сапарларды қабылдамайды

Букингем сарайы жөндеу жұмыстарына байланысты алдағы үш жылда мемлекеттік сапарларды қабылдамайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: uz.m.wikipedia.org

2027 жылға дейін барлық мемлекеттік сапарлар Виндзор қамалында өтеді. Букингем сарайының жабылар алдындағы соңғы қонағы желтоқсан айында баратын Катар әмірі болмақ. 



Сарайдың қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және он жылға созылады. Жөндеуге 369 миллион фунт стерлинг (230 миллиард 427 миллионға жуық теңге) жұмсалмақ.

Жөндеу кезінде ең сәнді залдардың кейбірі жабылады. Басылым мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты британ королі Чарльз III жеке кабинеті мен тамақтану орнын ауыстарған. 

Лондондағы Букингем сарайы Британдық тәждің негізгі ресми резиденциясы саналады.  Ғимаратта 775 бөлме болса, оның 19-ы мемлекеттік қабылдаулар мен іс-шараларға арналған.

Сонымен қатар Букингем сарайында 92 оқу бөлмесі мен 78 әжетханасы, монархқа, корольдік отбасы мен қонақтарға арналған 52 жатын бөлме және қызметкерлердің 188 жатын бөлмесі бар.

Виндзор сарайы ағылшын округі Беркширде орналасқан. Готикалық стильдегі тас ғимаратты 11 ғасырда сәулетші Хью Мэй салған.

Фото: drive2.ru

Сарай бірнеше рет қайта салынды. Соңғы рет 1992 жылы өрттен кейін қалпына келтіріліп, заманауи келбетке ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Букингем сарайы король Чарльз III жаңа суреттерін жариялағаны туралы жазған едік. 

Талқылау