Букингем сарайы 22 мың доллар жалақыға ыдыс жуушы адамдарды іздеп жатыр
Лондондағы британия үкіметі резиденциясы ыдыс жуушы қызметкерлерді іздейтіндігін жариялады. Бұл қызметті атқарушылар Букингем сарайында жылына 17 мың фунт стерлинг (663 503 теңге) табыс таба алады.

Сурет reactor.inform.kz
Бұл туралы dni24.com хабарлайды.
Міндеттемеде көрсетілгендей болашақ ыдыс жуушы маман тек тікелей өз міндетін атқарып ғана қоймай, асханада аспазға да көмек көрсетуі керек. Жақсы жұмыс жасаған адам басқа қызметтерге де ауыстырылуы мүмкін. Іздеу мәтінінен байқалғандай ыдыс жуушыға аса қатты талап қойылмаған.
Жұмыс тәжірибесі қажет етілмейді. Тек өз міндетін лайықты атқарып, ұжымда өз-өзін жақсы ұстап, гигиеналық тазалықты сақтай алуы керек.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған