"Бүкіл шаруама шауып жүреді": Айнұр Тұрсынбаева інісі мен қайнысына су жаңа көлік сыйлады
Айтыс әлемінің өкілі, ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева өзімен бірге жұмыс істеп жүрген екі көмекшісіне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ескі көлікпен жүрген ағасының баласы мен қайнысын салонға апарып, су жаңа көліктің кілтін берді.
“Бауырларыңызды себепсіз қуанту сіздерге де жұғысты болсын! Командамызда қос қуаныш! Біржан, Шерхан су жаңа көліктерің құтты болсын! Игіліктеріңе мініңдер! Төменге тілек жаза кетіңіз. Екеуі де білмейді. Іштерінен сезіп келе жатпауы да мүмкін” – деп жазды айтыскер ақын.
Психолог қос көлікті иеленген азаматтардың қуанышын жеке парақшасында бөлісті.
"Екеуі де ескі көлікпен командамыздың шаруасының бәріне шауып жүретін еді. Күтті ме, күтпеді ме, білмеймін. Екеуіне де салоннан су жаңа көлік әперіп жатырмыз", – деді желі жұлдызы.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаева жүйесіз сөз айтатындарды сынағанын жазған едік.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"