AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бас қаласы қалай дамып жатыр: Маман айтып берді

Бүгінде елордамыз жаңа мүмкіндіктер мен тұрғындардың ыңғайына орай жабдықталған қалаға айналды. "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жоспары негізінде мегаполистің дамуында үш басты концепция, атап айтсақ, шаһардың ыңғайлы, тұрақты және тұрғындардың сау болуына жағдай жасау қолға алынған. Қаладағы өзгерістер жайлы Stan.kz тілшісіне “Q88 Қазақстан урбанистері қауымдастығының” директорлар кеңесінің мүшесі Санжар Қазиев айтып берді.

Соңғы екі жылда астана қала тұрғындарына жайлы ортаға айналды деген маман қаланы көркейтуде елордалықтардың пікірі ескерілетінін сөз етті. 

“Ең басты назарда халықтың қажеттілігін анықтау, себебі XXI ғасырда қалалар тұрғындардың ыңғайына қарай жасалған болуы шарт. Бүгінде елорда секторларға бөлінген және әр секторға есептелген халықтың тығыздығына сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым да жоспарланған. Біз мектеп, балабақша, емхана және т.б. әлеуметтік нысандар барынша жақын орналасуына мән береміз. Менің ойымша, соңғы екі жылда қаламыз одан сайын көркейе түсті. Әсіресе, халық үшін аса маңызды мәдени және демалыс нысандары ашылып, спорттық нысандар салынды. Қаланы көгалдандыру бағытында бірқатар шаралар қолға алынды. Қаладағы инфрақұрылымдардың құрылысын бастамас бұрын тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Мысалы, алғашында әкімдік тарапынан балалар алаңқайы салынған болатын. Кейіннен елордалықтар арасында қай спорт түрі танымал екенін анықтап, соған орай футбол немесе басқа да алаңдарды ауданның ыңғайластырып салдық”, – дейді ол. 

Маман қазіргі күні қаланың экологиялық талаптарға сай болуы – қаланы дамытудағы негізгі бағыт екенін сөз етті. 

“Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін бірінші кезекте демалысқа арналған нысандардың қолжетімділігі мен әлеуметтік маңызы бар мекемелердің, атап айтсақ, халыққа қызмет ету орталықтары, ауруханалар мен мектердің жақында орналасқаны маңызды. Бұған қоса, басқа да құрылыстар жүргізілгенде экологиялық талаптардың сақталғаны дұрыс.

Мысалы, қазіргі күні қалада қоқысты қайта өңдеуге көңіл бөлінуде. Осы тұрғыда арнайы нысандар жұмыс істеуде. Қала тұрғындарын қоқысты сұраптауға дағдылануы үшін әр түрлі материалдар төгу үшін бөлек жәшіктер орнатылды. Сондай-ақ, халық жеке көліктен экологиялық транспорт түрлеріне ауысу үшін веложолдар салынып, қоғамдық көліктердің жолы оңтайландырылды. Сонымен қатар, елордамызда электробустар іске қосылуда. Яғни, осылайша астаналықтар өз көліктерінен бас тартып, көбірек автобус, тролейбустарға көшуде, қаладағы зиянды түтін көлемі азаюда”, – деп қосты маман.  

Бұған қоса, ол кейінгі жылдары қалада айтарлықтай көп тал-ағаштар отырғызылғанын сөз етті. Әсіресе, халық пен көлік көп жүретін көшелерде, аудандарды барынша көгалдандыруға көңіл бөлген. Айтуынша, ең бастысы, мұндай игі бастамаларға тұрғындардың өздері қатысқан. 

Урбанист 10 жылдан кейін Нұр-Сұлтанды қалай елестететінін айтты. 

“Қазіргі қарқынмен урбанизация жоспарлары дұрыс жүргізіліп, әкімдікке бұл бағыт ресми түрде енгізілген жағдайда 10 жылдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарға, туристерге ыңғайлы қалаға айналмақ. Мегаполистің эстетикалық келбеті дамып, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы орта жасалады. Әрине, мұның барлығын болжау қиын, дегенмен қалаға келген туристердің легінен елордамыздың қалай дамығандығын байқай жатармыз”, – деді сарапшы. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр