Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүгінгі күннің балаларын аяймын": Жазира Байырбекова аталар мен әжелер туралы

Жазира Байырбекова аталар мен әжелер туралы атып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі күннің балаларын аяймын

Әнші зейнетке шығу жасы туралы әңгіме қозғап, қазіргі аталар мен әжелер немересіне тәрбие берудің орнына жұмыс істеп, демалысқа шығатын жасын күтіп жүретінін айтты. Болашақ ұрпақтың тәрбиесінің бұзылуы тікелей осыған байланысты дейді өнер иесі. Ата мен әжеден тәрбие алмаған баланың болашағы жарқын болады деп айту қиын екенін жеткізді ол. Осылайша, Жазира Байырбекова билікке өтініш білдірді.

"Ер адамдар 60 жаста, әйел адамдар 55 жаста зейнетке шығып, өз денсаулықтарына көңіл бөлсе. Немерелеріне күні түні қарамаса да, бірге болатын уақыттары көбейсе, ұрпақ тәрбиесіне пайдасы тиер еді. Қазір көп отбасында мамасы да, папасы да, атасы да, әжесі де жұмыста. Бүгінгі күннің балаларын аяймын! Менің биліктен халық үшін сұрайтыным осы!" - дейді Жазира Байырбекова. 

Жазбаны көрген желідегілер әншінің пікіріне қосыла кетті. Олар да өз ойларын ортаға салып, сөздерінің бір жерден шыққанынан қуанды. 

"Ата-апа немереге қарайласса жастар да алаңсыз еңбектенер еді", "Дұрыс айтасыз. Қазір мен 55 жастамын. Зейнетке шығу үшін 8 жыл еңбектенуім керек. Немерелерімді қарайласуға мүмкіндігім жоқ", "Осы ұсынысты депутаттарға жеткізіп, тиімді шешім қабылдаса, əр қазақстандық сізге алғысын айтады", - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау