Брэд Питт пен Анджелина Джоли қайта татуласты
Былтыр ажырасқан танымал голливудтық актерлер Брэд Питт пен Анджелина Джоли өз қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
“Брэд пен Анджела өздеріне назар аудартпай қатынастарын қайта жандандырды, өйткені балаларын ыңғайсыз жағдайға қалдырғылары келмейді. Олар үшін балаларының амандығы бәрінен маңызды”, — деді ақпараттанған дереккөзі.
“Брэдтың Анжделинаға әлі де ғашық екені, Джолидің де Питті сүйетіні айқын. Ол Питтің жақсылыққа ұмтылып жүргенін көріп жүр. Брэд ішімдікті тастағалы бері, жақсы әке болды”, — деді басылым дереккөзі.
Оның сөзіне қарағанда соңғы апталарда жұп жиі кездесе бастаған. Питт пен Джоли алты баланың ата анасы – асырап алған 15 жасар Мэддокс, 13 жасар Пакс, 12 жасар Захара, сонымен қатар биологиялық қызы Шайло (он жасар) және егіздер Нокс пен Вивьеннің (сегіз жасар).
Тағы да оқыңыз:
Талқылау