Британиялық әйел Рождество мейрамында қайтыс болған анасының мәйітінен тамақ жасап жемек
Ұлыбритания тұрғыны Дебра Парсонс рождестволық кешкі асқа қайтыс болған анасы Дориннің мәйітін жемек. Ол анасының мәйітінің күлімен күркетауықты дәмдеп, пудинг жасамақшы екен, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
«Адамдар мені есінен адасқан немесе бұл әрекетімді құрметсіздік деп ойлауы мүмкін. Бірақ мен өзімді тоқтата алмаймын. Анама мейрамда жанымда болуға, отбасылық мейрамды сезінуге мүмкіндік бергім келеді», – дейді Дебора.
41 жастағы британиялық әйел анасының мәйітінің күлін 2017 жылы анасы қайтыс болған кезде жемек болған екен. Дебра осылайша «анасына жақын болғысы» келеді. Әйелдің сөзінше, тек осы әрекет қана анасыз өтетін алғашқы Рождествоны бастан өткізуге көмектесе алады екен.
«Мен оның менің ішімде өмір сүре алатынын сеземін. Себебі ол – менің бөлшегім. Ондай болса, анам менің тәнім арқылы тыныстай алады. Менің тынысым – анамның тынысы», – дейді Дебра Парсонс.
Әйел адам бұған дейін анасының мәйітінің күлінен дәм татып көрген екен. Ол анасын қатты сағынған кезде, құтыдағы ұнтаққа саусағын малып, дәм татыпты.
Оқи отырыңыз:
Біз күнделікті қолданып жүрген мұнайдан жасалған 9 зат
2017 жылдың ең күлкілі жануарларының суреттері жарияланды
Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу
“АрселорМиттал Теміртау” ереуілге шыққан шахтерлерді сотқа берді