Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әйел қатерлі ісікті жеңгенін тойлап жатып қайтыс болды

54 жастағы британиялық әйел онкологиялық ауруды жеңе білді. Алайда басындағы бақытты жағдайды тойлап жатып қайтыс болған. Әйелдің өлімінің себебі – алкогольмен уланудың ауыр түрі. Алкоголь қатерлі ісіктен де қауіпті болуы мүмкін екен.

Бұл туралы  Daily Mail хабарлайды.

Дәрігер-терапевт болып қызмет атқарған Валери Джонс 2016 жылдың наурыз айында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан. 54 жастағы британиялық әйелге ота жасалып, сәуле терапиясынан өткен. Нәтижесінде қатерлі ісікті жеңген.

Валери күйеуімен бірге Грекиядағы Санторини аралына аттанған. Шипажайда британиялық әйел аурудан айыққанын тойлап, таңғы ас үстінде бір бокал шарап ішкен. Мұнан кейін күні бойы алкогольді ішімдік ішуді жалғастырған. Бұдан бөлек, ол үйлену тойына орай жасалған кешке қатысқан. Той кешінің де ішімдікпен аталып өтілгені анық.Оның жұбайы қуанышты жағдайды шипажайда атап өтуді ұсынған.

Түнде өз бөлмесіне оралған әйел дәретханада есінен танып қалған. Есі шыққан күйеуі дәрігерлерді шақырғанымен, ауруханаға жеткізілген Валери қайтыс болды.

Валеридің өлімі туыстарын таңдандырды. Жақындары әйелдің ешқашан ішімдікпен әуестенбегенін, белсенді өмір сүріп, денсаулығын қадағалағанын айтуда. Оның отбасы – ауқатты адамдар. Марқұмның тұрған үйінің құны 1 716 000 АҚШ долларын құрайды.

Валеридің денесін Ұлыбританияға алып келгенде, өлікті сою нәтижесі өлімнің себебі алкогольден уланудан болғанын көрсетті. Анықталғандай, әйелдің қанындағы алкоголь деңгейі шектік мөлшерден 4,5 есе артық болған. Ішімдікті көп мөлшерде ішкендіктен, әйелдің өкпесі сұйықтыққа толып кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Белгілі актер, марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызының басынан қатерлі ісік табылды

Ғалымдар қоғамдық көлікте қарияларға орын бермеуге кеңес берді

Қостанай облысында діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартқан кейуана көз жұмды

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

Талқылау