Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

Сенбі, 21 Қазан , 2017 8:01

Алматылық Жедел медициналық көмек көрсету орталығының дəрігерлері “Март” ойын-сауық сауда орталығында 3-қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жағдайына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы қаласы Жедел медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов қазанның 12 жұлдызында «Март» сауда-ойын сауық орталығының 3-қабатынан құлап кеткен бала есін жиып, тағы бір ота жасалғанын айтты.

«Бала ауруханаға түскенде қосарланған жарақат алғанын айтқан едік. Ашық бас ми жарақаты болғандықтан, алғашқы ота бас сүйегіне жасалды. Бала кома жағдайында жатты. Бірнеше күн бойы жағдайы ауыр болғандықтан, аяғына ота жасамадық. 4 күннен соң балақай есін жиды. Содан кейін ғана оң аяғының ортаңғы жілігіне ота жасалды. Қазіргі уақытта аяғының сүйектері жақсы. Балақай есін жиды. Сөйлеп, тамағын ішеді. Алайла әлі жансақтау бөлімінде жатыр», – дейді Дінмұхаммед Рузуддинов.

Естеріңізге сала кетсек, қазанның 12 жұлдызында Алматыдағы “Март” ойын-сауық сауда орталығының 3-қабатынан 2 жасар бала құлап кеткен еді. Дəрігерлер қойған диагноз бойынша, бала қосарланған жарақат, ашық бас ми жарақатын алып, ортаңғы жілігі сынған əрі кеуде, іш пердесі соғылған. Оқыстан орын алған оқиға Түркісіб аудандық ІІБ “қайғылы жағдай” ретінде тіркелген.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде зорлаушыдан қашқан 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Ақтөбелік танымал бизнесмен жарылыс жасап өзін жарып жібермек болды

ЮНИСЕФ: Қазақстанда сәбилер дәрігерлердің жетіспеушілігі мен салғырттығынан шетінейді

Өзіңізді тексеріңіз: Даусына қарап адамның мінезін білуге болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар