Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық студент жолақысын төлеуге арналған маникюр ойлап тапты

Күнделікті автобусқа мінген кезде біз үшін тиын-тебенді сылдырлатып жатқаннан өткен қолайсыз нәрсе жоқ.

b_fb732a8477add8f915f8d6f63a124f62

Сурет: www.trud.ru 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ал Британияның Central Saint Martins колледжінде оқитын дизайнерлік факультет студенті Люси Дэвис әйелдер үшін бұл мәселені өзінше шешіпт.

Студент қыз бұл үшін Лондонда кеңінен қолданылатын Oyster жолақысын төлеу картасының арнайы чипін суырып алып, оны өзі ойлап тапқан маникюрдің арасына кіріктірген.  Енді мұндай маникюр жасатқан әйел қоғамдық көлікке өту жолындағы турникетке саусақтарын тигізсе болғаны, қалаған жеріне дейін көлікке отырып кете береді.

«Мен ойлап тапқан бұл маникюр бүкіл әлемнің кәдесіне асса екен. Себебі осы маникюрді ойлап табу кезінде мен жер-жаһанға кеңінен көз жүгіртіп, біраз нәрсені сараладым. Соның арқасында адамның өмірін қолайлы етіп өзгертетін өнім туралы ой басыма келді», – дейді Люси Дэвистің өзі.

Қазір ол Лондондағы қоғамдық көліктің ресми өкілдерімен сөйлесіп те қойыпты. Енді көп ұзамастан, британдық қыз-келіншектер метро немесе автобуста жүру ақысын тырнақпен төлейтін болуы мүмкін, деп жазады Metro.

Талқылау